Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысының 100-ге жуық тұрғынына алкоголь ішуге тыйым салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш күн ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 146 фактісі тіркелді. Іс-шараны өткізу кезінде ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға ерекше назар аударылды. Тұрғылықты жері бойынша 4800-ден астам есепке алынған тұлға тексерілді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында сот шешімімен 107 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленді, оның ішінде 93 адамға алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.

Аталған кезеңде 1362 адамға қатысты қорғау нұсқамасы, 671 адамға ерекше талаптар белгіленді. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 127-бабы) 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 40 қолайсыз отбасы есепке қойылды, 28 ата-анаға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру