Қызылордада колонияға есірткі жөнелту деректері әшкереленді
Қызылорда қаласында пошта арқылы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі жөнелтілудің үш дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 ақпан күні полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған үш дерек бойынша күдікті ретінде Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, 2021 жылдың 1 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың 11 дерегін анықтап, заңсыз айналымнан 15 келіден астам марихуана тәркіледі.