Қызылордада коменданттық уақытта мекенжайдан тыс жерде жүрген 44 адам анықталды
Қызылордалық полицейлер коменданттық уақытта тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген 44 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты 2022 жылдың 5-19 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Жарияланған №736 бұйрығына сәйкес Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрам қызметкерлері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Республика көлемінде енгізілген коменданттық уақыт кезінде, яғни түнгі сағат 23:00 мен таңғы сағат 07:00 арасында мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, тұрғылықты мекенжайдан тыс жерде жүрген Қызылорда қаласының 44 азаматы анықталды.
Аталған жайттарға байланысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.