Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының ҚАЖ мекемелерінде ТЖ режиміне байланысты ішкі күн тәртібі өзгерді

Ақмола облысының ҚАЖ мекемелерінде ТЖ режиміне байланысты ішкі күн тәртібі өзгерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 19 қаңтарға дейін ерекше жағдайлар режимі енгізілді.

Осы режимнің қолданылу кезеңінде облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі өзгерді, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, уақытша шектеу шаралары қабылданды. Яғни, сотталғандардың қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден (қоныс колониясы) тыс жерге шығуы тоқтатылды, сондай-ақ барлық мекемелерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер, хабарлар және телефон арқылы сөйлесулер уақытша тоқтатылды.

– Осы уақытша шектеу шаралары мекемелердегі тұрақтылықты, облыс ҚАЖ мекемелеріндегі сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, бүгінгі күні облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймын. Колонияларда сотталғандардың вирустық инфекцияны жұқтыру фактілерін болдырмау мақсатындағы алдын алу іс-шаралары үнемі жүргізіледі. Сіздердің алаңдаушылығыңызға себеп жоқ. Кездесуге берілмеген күндер, сәлемдемелер сақталады және кейінірек беріледі, – деді Ақмола облысы бойынша ҚАЖД бастығы Қайрат Айдарбеков.

Түсініктеме алу үшін Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне 8 (7162)78-11-04 нөмірі арқылы жүгінуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру