Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың 55 дерегі тіркелді
Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың 55 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекенжайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шара барысында барлығы 55 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сату немесе қайыршылық сипатта қызметтер көрсету) Өзбекстан Республикасының бір азаматына шара көріліп, ҚР-ның шегінен тыс шығарылды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3,4,5,7-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 35 азаматына шара көрілді.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 14 дерек анықталып, ҚР азаматына ескерту жасалды және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша ҚР-ның үш азаматына айыппұл салынды.