Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада күзет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Облыс аумағында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын, сондай-ақ ондағы күзет қызметін атқаратын жеке күзет ұйымдарына қауіпсіздік шараларының нығайтылуын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, ТЖД, денсаулық сақтау басқармасы, Кәсіпкерлік палатасы және Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері және жеке күзет ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ТТО объектілерінің жауапты мамандары қатысты.

Кездесу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарына, ондағы күзет қызметін атқаратын жеке күзет ұйымдарына қауіпсіздік шараларын нығайту жайлы түсіндіріліп, қызу талқыламалар жүргізіліп, бірқатар тиімді шешімдер қабылданып, нұсқамалар берілді.

Кездесу соңында 29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күніне орай жеке күзет ұйымдарының өкілдері марапатталды.

Өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытқаны үшін екі жеке күзет ұйымы және оның 16 күзетшісі Қызылорда облысы полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру