Қызылордада мал ұрлаған төртеу ұсталды
Қызылордада мал ұрлаған төртеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылының тұрғыны белгісіз біреулер үйінің мал қорасынан бес бас қойын ұрлап кеткендігі туралы арызданған болатын. Жәбірленушіге 225 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Полицейлермен жүргізілген кешенді жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде төрт адам анықталып, ұсталды. Олар 22-26 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Сонымен қатар күдіктілердің қала аумағында орын алған басқа да мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.