Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтайда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Алтай қаласында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында Алтай қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы көше қиылысында 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mazda автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында 2020 жылдың маусым айының соңында ер адамның жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Сондай-ақ, тексеру барысында ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрды, одан әрі полиция қызметкері жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізу үшін Алтай қаласының ІІБ-не жеткізді. Оған сәйкес алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру