Қызылордада мал ұрлығы ашылды
Қызылордада мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қазан күні полиция қызметкерлеріне Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылының тұрғыны 2020 жылдың шілде айында ауылға қарасты «Құмбөгет» мал жайылымында қараусыз жайылып жүрген 3 сиыры жоғалып кеткені жөнінде арызданған.
Жоғалған малын үш ай өзі іздеп, нәтиже болмаған соң ауыл тұрғыны полицияға келген.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғынының осы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Ол кінәсін толығымен мойындады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.