Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер саптық байқауға қатысты

Қызылордалық полицейлер қысқы киім үлгісіне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті жеке құрамының қатысуымен қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.

Саптық шеру қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Департамент бастығы Бектөре Сұлтан қызметкерлердің сыртқы келбетін, үлгілік киімін, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын тексерді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай тазалығына ерекше көңіл бөлінді.

Жоспарлы саптық байқаулар жылына екі рет өткізіледі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру