Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте автобуста жүрген гастролерлар ұсталды

Шымкентте автобуста жүрген гастролерлар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 17 қазанында Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 2 қазанда №182 бағытта жолаушылар тасымалдайтын автобустың ішінде 2002 жылы туған азаматшаның сөмкесінен “Iphone” маркалы екі телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен екі ер азаматты ұстап полицияға жеткізді.

Олар 2001 жылы туған Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 600 мың теңге. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру