Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік өз көлігін ұрлап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасырмақ болды

Хромтау тұрғыны өз көлігін өзі ұрлау арқылы жол-көлік оқиғасы фактісін жасыруға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда Хромтау қаласының 31 жастағы тұрғыны автокөлігімен 7 сынып оқушысын қағып кеттіп, жол көлік оқиғасын жасаған.

Жүргізуші Хромтау қаласында Жеңіс даңғылы жағынан Абай даңғылымен жүріп келе жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде, 2007 жылы туған жасөспірімге жол бермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім жеңіл дәрежедегі дене жарақатымен Хромтау ауданының ауруханасына жаткізілді.

ЖКО жасаған жүргізуші оқиға орнынан қашып, Хромтау ауданынан тыс жерлерге шығуға тырысқан, алайда Бадамша кентінің маңында оның автокөлігі сынып қалған.

Ер адам Хромтауға қайта келіп, оның автокөлігін бұрын айдап кеткенін хабарлаған. Дегенмен полицейлер бейне камералар арқасында автокөлік иесінің ЖКО-нан кейін Хромтау қаласынан шыққаны анықталды.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету және көлік айдап әкету жалған хабарлама берген үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру