Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші анықталды

Қызылордада мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Шиелі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жол қозғалысын ұйымдастыру мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында 2021 жылдың 1-12 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бөлімнің Әкімшілік және Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторларымен бірлесіп жұмыс атқару барысында сағат 05:00 шамасында Шиелі кенті Дәулеткерей көшесінің бойында Nissan Sunny маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде басқарғаны анықталып, ол сол жерден аудандық наркология орталығына жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізіліп, автокөлігі айыптұрағына қойылған.

Медициналық куәландырудың қорытындысымен жүргізуші мастықтың «орта» дәрежесі екені анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру