Қызылордада мас жүргізуші құрықталды
Қызылордада мас жүргізуші құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауданда күнделікті қоғамдық тәртіпті сақтау барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен мас жүргізуші анықталды.
2021 жылдың тамыз айының 10-ы күні түнгі мезгілде кент орталығындағы көшелердің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпай ВАЗ-2107 маркалы автокөлігін басқарып келе жақан 33 жастағы кент тұрғынын тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында аталған автокөлік жүргізушісі алкогольдік өнімді пайдаланғанына күмән туғызды. Аудандық аурухананың қортындысына сәйкес, аталған 33 жастағы азаматтың масаңдығы “жеңіл” дәрежелі екендігі медициналық қортындымен бекітілген.
Аталған азаматқа Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпай басқару) әкімшілік хаттама рәсімделіп айыппұл салынса, автокөлікті алкогольдік өнімді пайдаланып басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құжаттар рәсімделіп аудандық сотының қаулысымен жүргізуші куәлігі жеті жыл мерзімге тәркіленіп, өзі 15-тәулікке әкімшілік қамауға алынды.