Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам темір қақпаны ұрлап кетті

Көкшетауда ер адам темір қақпаны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.2021 жылғы 10 тамызда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны ағымдағы жылғы 10 шілде мен 10 тамыз аралығында өз үйінің аумағынан белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы темір қақпаны ұрлағаны туралы арызданды. Зардап шегуші шығын сомасын 100 мың теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көршілердің біреуі қақпаны белгісіз адам автокөлігімен алып кеткенін көргенін анықтады. Ер адам көліктің нөмірін есіне сақтап қалған. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Зеренді ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт бірнеше рет жәбірленушінің үйінің қасынан өтіп бара жатып, онда ешкім тұрмайды деп ойлаған. Қақпаны шешіп, оны 17 мың теңгеге металл қабылдау пунктіне тапсырған. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру