Қызылордада «Мас жүргізуші-қылмыскер!» іс шарасының үш күнінде 14 мас жүргізуші мен 86 жүргізуші құжатсыз басқарғандығы анықталды
Көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 10-16 тамыз аралығында «Мас жүргізуші-қылмыскер!» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның үш күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 765 дерегі тіркелді.
Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқарудың) – 7 дерек, 590-бабының 5-бөлігі бойынша (тонировка) – 73 дерек, 590-бабының 7- бөлігі бойынша (Заңсыз қайта жабдықтау) – 17 дерек, 591-бабы бойынша (ТҚ басқарған кезде телефон немесе радиостанция пайдалану) – 73 дерек, 593-бабының 1-бөлігі бойынша (Қауіпсіздік белдігін пайдалану) – 183 дерек, 600-бабы бойынша (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 22 дерек, 608-бабы бойынша (КҚ мас күйде басқару) – 14 дерек, 612-бабының 1-бөлігі бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – 86 деректері анықталып, 35 автокөлік айып алаңына қойылды.
– Жыл басынан бері 221 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, жеті адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды. Біздің тарапымыздан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізілуде, – деп Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының м.а. Амитов Шамшидин атап өтті.