Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер отбасы жанжалы мәселелері бойынша тұрғындарға көмек беруге дайын

Қызылордада полицейлер отбасы жанжалы мәселелері бойынша тұрғындарға көмек беруге дайын, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл жылдың басынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстар 30 пайызға өсім алып отыр, бұл қылмыстардың басым бөлігі облыс орталығында орын алған.

Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу бағытында облыс көлемінде “Құқық тәртібі” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында 1 мың 763 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, профилактикалық есепте тұрған 809 адам тексерілді.

Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған 94 дерегі, алкогольдік ішімдік ішкен 161 дерегі, тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылықтар 48 дерегі анықталды. Отбасы жанжалы мәселелері бойынша тұрғындарға Қызылорда облысы Полиция департаментінің “102” арнасына немесе 26-28-90 телефон номеріне хабарласуға болатындығын жеткіземіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру