Қызылордада мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды
Қызылордада мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйек күні түнгі 01:30 шамасында полиция қызметкерлері көлік құралының Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқады. Дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 40 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтады.
Көлік тізгіндеуші ер адам 2020 жылдың тамыз айында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан жеті жылға айырылғандығы белгілі болады. Бірақ көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, бұл азамат көлік құралын мас күйде қайта басқарып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат орта дәрежедегі мас күйінде болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.