Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“ЅТОР трафик”: Ақтөбеде 15 жеңіл жүрісті қыз анықталды

Ақтөбеде полицейлер бес күн ішінде қоғамдық орындарда 38 зорлық-зомбылық фактісін және 15 жеңіл жүрісті қызды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын айтылғандай, Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “ЅТОР трафик” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Тәртіп сақшыларының ерекше назарында пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар, қонақ үйлер, сондай-ақ адамдарды пайдалану үшін тартуға, ұрлауға, бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты қылмыстарды ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілері болды.

Жалпы, жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша адам саудасының және жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі, көрінеу жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру немесе жеңгетайлықтың екі дерегі, қоғамдық орындарда тиісудің 38 дерегі анықталды.

Сондай-ақ, ақшаға интимдік қызмет көрсеткені үшін екі сутенер мен 15 қыз анықталып, есепке алынды. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Кінәлілер лайықты жазаға тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру