Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйек сағат 06:30-да Қандыағаш қаласының тұрғыны “Ваз-2110” автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Ембі қаласы жағынан Юбилейное кенті бағытында жергілікті маңызы бар автожолмен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша сол жаққа қарай аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушылардан белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды сұрайды.

Есіңізде болсын, автомобиль жоғары қауіптің көзі болып табылады. Ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Есіңізде болсын, сізді үйде жақындарыңыз күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру