Қызылордада мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізгендерге жаза күшейтілгеніне қарамастан, ішімдік ішіп, темір тұлпар тізгіндейтіндердің саны сейілмей тұр. Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция бекет қызметкерлері қызмет атқару барысында, 31 қаңтар күні сағат 14:07 шамасында өзінің басқаруындағы Volkswagen vento автокөлігін масаң күйде басқарған 45 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тәртіп бұзушыға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жүргізушінің автокөлігі айып тұрағына қойылды.