Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер бір тәулікте жолда қалған 20-дан астам жүргізуші мен шетелдікке көмектесті

Түркістан облысында полицейлер бір тәулікте жолда қалған 20-дан астам жүргізуші мен шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға, оның ішінде шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті.

Алматы – Ташкент – Термез тасжолында патрульдік полицейлер жолда тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Белгілі болғандай, Ирандық жүргізуші, яғни егде жастағы ер адам денсаулығы болмай тұрғанын айтқан. Патрульдік полиция қызметкерлері Е.Қожасов пен М.Шорманов бірден жедел жәрдемге хабарлап, мән жайды жеткізді. Жедел жәрдем келіп, медициналық көмек көрсеткеннен соң жүргізуші өзін жақсы сезінгенін айтып, полицейлер мен медицина мамандарына алғысын жаудырды.

Сондай-ақ Шымкент – Самара тасжолында тәртіп сақшылары көктайғақ салдарынан жол жиегіне шыққан ГАЗель көлігін байқады. Полиция қызметкерлері М. Мақұлбеков пен Н. Әкімбай жүк көлігіне дереу көмек көрсетті.

Осылайша бір тәулік ішінде полицейлер 20-дан астам көлік жүргізушісіне, яғни 13 жеңіл автокөлік, 1 шағын автобус пен 10 жүк көлігін шығаруға жәрдем берді. Жүргізушілер полиция қызметкерлеріне уақытылы көмек көрсеткені мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру