Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды

Қызылордада мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. 

Нәтижесінде, 4 маусым күні қала аумағын барлау барысында орталық көшелерінің бойында көлік құралының жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Opel Vectra көлігін дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 41 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтайды. 

Көлік тізгіндеуші азамат 2019 жылдың желтоқсан айында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан 4 жылға айырылғаны белгілі болды. 

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес, азамат «орташа дәрежедегі» масаң күйінде болғандығы анықталды. 

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті УҰИ-ға қамалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру