Қызылордада моншада ұрланған телефон иесіне қайтарылды
Қызылорда полицейлері моншада ұрланған телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде. 6 ақпанда сағат 20:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қала аумағында орналасқан моншаның әйелдер бөлмесіндегі шкаф үстінде тұрған қара түсті Samsung А51 телефонын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері телефонды ұрлаған қала тұрғынын ұстады. Жәбірленушіге телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.