Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші айыппұл арқалады

Атырауда ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні сағат 09:15 шамасында 31 жастағы азамат көлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Берғалиев көшесі Темір жол ауруханасының тұсында Lada Largus көлігін басқарып, екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан ВАЗ-2110 көлігіне соқтығыс жасаған. Жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейін, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Аталған азамат патрульдік полиция қызметкерлерімен дереу анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы, Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен 343 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, 1 қаңтар күні сағат 16:05 шамасында 36 жастағы азамат көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Lada Vesta автокөлігін басқарып, Геолог поселкесі Астана көшесінде жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орын алған жерден кетіп қалған.

Аталған азамат патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы,Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен 343 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасына жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 72 факт тіркелді. Оның ішінде екеуі жүргізу куәлігін оқымаған күйде болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру