Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада өзін «полиция қызметкерімін» деп таныстырған алаяқ ұсталды

Қызылордада өзін «полиция қызметкерімін» деп таныстырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алаяқтан зардап шеккен 41 жастағы қала тұрғыны арызданды. Азаматтың айтуынша, 2 қыркүйек күні түнгі сағат 22:21 шамасында орталық көшелердің бірінде оған белгісіз бір азамат өзін «полиция қызметкерімін» деп таныстырып, «Samsung А10» маркалы ұялы телефонын алдап алып қойған.

Дер кезінде қабылданған жедел шаралар нәтижесінде күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол бұрын сотталған 23 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша (Алаяқтықбойынша сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру