Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пәтер алаяғы ұсталды

Қызылордалық полицейлер танысын алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылордада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 43 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Алаяқ әйел 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттік органдарда істейтін таныстарым көп, пәтер алуға көмектесемін деген сылтаумен танысының  700 000 теңге сомасындағы ақшасын алған.

Баспана түгілі, жинаған ақшасынан айырылған қала тұрғыны 2020 жылғы 9 қарашада алаяқтық фактісі бойынша полицияға шағымданған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру