Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абақтыға қайта оралмауы үшін азаматты жұмысқа тұрғызды

Ақтөбе облысында абақтыға қайта оралмауы үшін азаматты жұмысқа тұрғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаза өтеу орындарынан босап шыққан сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелері Пробация қызметкерлерімен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды атқарып келеді.

Осы ретте, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесі «қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы және Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторымен бірге түзеу мекемесінен босаған сотталған К.Е-ні жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады.

Кездесу барысында, сотталған азаматқа мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету тәртібі, сондай-ақ, сотталған азаматтың құқықтары мен міндеттері де түсіндірілді. Бұдан кейін, мекемедегі жақсы тәртібі үшін қалған жаза өтеу тәртібін бас бостандығынан айыруға жатпайтын жаза түрінде өтеу үшін, сотталған азамат К.Е. Алматы аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, оған қоғамдық өмірге тез бейімделуге арналған кеңестер берілді.

– Сотталған азамат К.Е. бостандықта жүрген кезінде алған өндірістік жарақат салдарынан ІІІ топтағы мүгедек. Сондықтан, түзеу мекемесінің әкімшілігі оны аула сыпырушы ретінде ақылы жұмысқа орналастырған болатын.

Түзеу мекемесінде бес жыл бойы жазасын өтеу кезінде, сотталған азамат мекеме ішінде өткен іс-шараларға белсенді қатысып, өзін жақсы ұстады. Сондықтан, оның жаза өтеу мерзімінің қалған бөлігі, яғни қалған төрт жылы сот шешіміне сәйкес, неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды.

Сонымен қатар, «қақпа алдында кездесу» шарасы кезінде, сотталған азаматтың физикалық жүктемелерге қабілетсіздігі мен білімі және тәжірибесі жоғын ескерген мамандар, сотталған азамат К.Е.-нің қаламыздағы ірі компаниялардың біріне аула сыпырушысы ретінде уақытша жұмысқа орналасуына жолдама берді.

Одан басқа, сотталған азамат К.Е., қаңтар айында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «қазандық қондырғыларының операторы» курсынан шәкіртақы ала отырып, өтетін болады,- дейді КА-168/2 түзеу мекемесінің сотталғандарды еңбек және тұрмыстық ұйымдастыру бойынша әділет аға инспекторы Тимур Ишмухамедов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру