Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан топтың қылмыстық әрекеттері әшкереленді

Полицейлер синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын адамдар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан бір топ адамды ұстады.

– Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-әрекеттерінің кешенін жүргізді, оның барысында бес адамнан құралған адамдар тобы анықталды. Олардың барлығы Талдықорған қаласының тұрғындары. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы интернет желісі, Телеграмм месенджері арқылы синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан. Олар есірткі заттарын жасырын орындарға салу арқылы сатқан, – деп хабарлады Алматы облысының ПД бастығының орынбасары  Данияр Мендебаев.

Күдіктілердің бірінің пәтерін санкцияланған тінту барысында ішінде қоңыр түсті өсімдік тектес зат бар, сатуға дайындалған 250 орама алынды. Сонымен қатар ақ түсті ұнтақ зат және жасыл түсті өсімдік тектес зат бар екі полиэтилен пакет табылды. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

– Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1, 3-бөліктері (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау  изоляторына қамауға алынды, – деп толықтырды Данияр Мендебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру