Қызылордада полицейлер мереке күні күшейтілген түрде қызмет атқаруда
Қызылордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және Соңғы қоңырау шарасы кезінде полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және мектеп бітірушілердің Соңғы қоңырау мерекесіне орай қала аумағында орналасқан барлық мектептерде жəне Президент саябағында салтанатты іс-шаралар өткізілді. Шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінде іс-шаралардың арнайы жоспарын бекітті.
Қала аумағында орналасқан 45 мектепте соңғы қоңырау соғылды, салтанатты жиынға барлығы 2076 түлек қатысты. Әр мектептің жанында полиция жасақтарының күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылды.
Соңғы қоңырау және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелік іс-шарасы кезінде қала бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 198 қызметкер мен 47 қызметтік патрульдік автокөлік жұмылдырылды.
– Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыс қарсаңында балаларыңыздың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, олардың уақытын бақылауға кеңес береміз. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігінің санкциясы жасөспірімдердің заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден тен таңғы сағат 07:00-ге дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлыбек Қордабаев.