Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері балаларға арналған мереке ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Астана полицейлері “SOS Астана балалар ауылына” барып, балаларға нағыз мереке сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері тәрбиеленушілер үшін жылжымалы криминалистикалық зертханасы бар арнайы техниканы көрсетуді, қызметтік иттердің көрсетілімдерін ұйымдастырды, сондай-ақ балаларға арналған сыйлықтар да табысталды.

Мұндай кездесулер дәстүрге айналған. Елордалық тәртіп сақшылары мерекенің басты құндылығы – ересектерге балалардың қамқорлыққа, қолдауға және түсіністікке мұқтаж екенін еске салу. Полиция қызметкерлері балалар ауылының ұстаздары мен тәрбиешілеріне ерекше алғыс сөздерін арнады.


Балалар полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және жоғалған азаматтарды іздестіру қызметін қызметтік иттер де атқаратынын білді. Олар полицейлердің төрт аяқты серіктестерінің “қызмет атқару” барысын бақылай алды.

Кездесудің ең әсерлі бөлігі кинологтің овчарка итімен көрсеткен қойылымы болды, ол кедергі жолағынан өту және тыйым салынған заттарды табу дағдыларын көрсетті. Балалар бірден иттермен достасып, олармен суретке түсіп, қоштасқылары келмеді. Балаларға үлкен қуаныш сыйлағандарын сезген иттер шыдамдылықпен ұлдар мен қыздардың командаларын орындады.


Полицейлер балаларды мерекемен және алдағы жазғы демалыстармен құттықтап, жақсы демалып, жаңа оқу жылының алдында күш-қуат алып, қауіпсіздік шараларын сақтауды тіледі.
Үй басшылығы өз кезегінде полицейлерге мереке үшін үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру