Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бопсалау дерегі тіркелді

Астаналық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бопсалау дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жедел бөлімдерінің қызметі – ең алдымен, жазасын өтеу немесе сотталғандарды қамауда ұстау кезеңінде қылмыс жасаудың алдын алу. Алайда, жедел уәкілдердің күнделікті жұмысының тағы бір аспектісі – құқық қорғау органдарына бұрын жасалған қылмыстарды ашуға көмектесу.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 мамыр күні Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыс басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 2 сотталған ұсталды.

Белгілі болғандай, олар қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде (қоныс-колониясы) ҚР ҚК-нің 216-бабының 3-бөлімінде (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) көзделген қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан ОҚО-ның тумалары болып шықты, .

29 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында келіп түскен жедел ақпаратты іске асыру шеңберінде сағат 14:20 шамасында Қарасай батыр көшесі бойындағы 26/2 үйдің ауласында 30 мың теңге мөлшерінде ақша  беру кезінде Д. есімді сотталған ұсталды.

Ол ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігі (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша жазасын өтеп жатқан Г. есімді сотталғанның адамның ағасы екендігі анықталды.

Осылайша, ведомстволардың кәсіби үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында сотталған адамдардың қылмыс жасауына жол берілмеді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру