Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда салоннан екі телефонды қолды еткен азамат ұсталды

Көкшетауда салоннан екі телефонды қолды еткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамыр күні облыс орталығының тұрғыны Көкшетау қаласының полиция басқармасына хабарласып, ұрлық дерегін хабарлады. Әйел жұмыс күнінің соңында перманенттік макияждың шағын бөлмесінде жалғыз қалғанын, ал 5 минутқа кеткен, қайтып оралғанда оған тиесілі Samsung смартфоны мен iPhone мобильді құрылғыларының жоғалғанын анықтағанын айтты.

Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол уақытша жұмыс істемейтін, 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жедел уәкілдер Абай көшесі – Н.Назарбаев даңғылының қиылысында “ізін суытпай” ұстады. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда жәбірленушінің телефондары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру