Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті

Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан Астана қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №2 мекемесінің базасында департамент басшылығының ұйымдастырумен мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұлғайту бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік кездесуге бас прокуратураның екі департаментінің әділет кеңесшісі Е.Тайкешов, “Еңбек” РМК бас директоры Р.Апеков және жеке кәсіпкерлер мен өндіріс ашуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының директоры және Аршалы аудандық әкімшілігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қатысты.

Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Д.Рақымбеков ашты.

– Қазіргі таңда сотталғандарды, оның ішінде сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша еңбекпен қамту үшін, өндірістерді ашып, қосымша жұмыс орындарын құру керек, – деді Д.Рақымбеков.

Мекеме бастығы Н.Беков қосымша жұмыс орындарын құру және ашу бойынша баяндама хатын оқып шықты. Кездесу барысында барлық өзекті мәселелер және олардың шешілу жолдары қаралды. Бас прокуратураның екі департаментінің әділет кеңесшісі Е.Тайкешов “Еңбек-Аршалы” РМК филиалының өндірістік аймағында қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарын айтты. “Еңбек” РМК бас директоры Р.Апеков жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді қарастырып, дұрыс шешім қабылданатынын атап өтті.

Кездесу мекеме аумағындағы өндірістік аймақтағы цехтарды аралаумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру