Қызылордада полицейлер оқушылармен кездесті
Қызылордада полицейлер оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасына қарасты Ақсай полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Шегебаев мектеп оқушыларымен кездесті
Тұрар Рысқұлов атындағы № 222 мектептің оқушыларымен ашық диалогта жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді. Кездесуге ювеналды полиция қызметкерлері, мектеп директоры және мұғалімдер қатысты. Өз кезегінде ювеналды полиция бөлімі қызметкерлері жасөспірімдердің назарын интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселесіне аударды.
– Біз бәріміз ата-анамыз және баланың жасөспірім кезінде сырттан жағымсыз әсерлер мен қауіпті факторларға ұшырайтынын өзіміз білеміз. Сонымен қатар қазір балалар рухани және спорттық дамуының орнына компьютерлік ойындарға бірнеше сағат жұмсауды жөн көреді. Бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Көбінесе, ересектердің жұмыспен қамтылуына байланысты жасөспірімдер назардан тыс қалып жатады. Бұл маңызды сәтті жіберіп алмау өте маңызды, – деп атап өтті Нұрбек Шегебаев.
Әрі қарай тәртіп сақшылары өз қызметі туралы қызықты оқиғалармен бөлісті және полиция бөлімшелерінің нақты қандай қызмет атқаратынын түсіндірді. Диалог барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, жауап алды. Іс-шара соңында оқушылар полиция қызметкерлеріне қызықты кездесу үшін алғыс білдірді.
Балалардың көпшілігі болашақта құқық қорғау құрылымдарының оқу орындарында оқуды және құқық қорғау органдарының қатарын толықтыруға ниетті. Кездесу соңында полицейлер болашақта оқушылар өз елінің лайықты азаматтары мен патриоттары болатынына сенім білдірді.