Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер қыз-келіншектерді келе жатқан мерекемен құттықтады

Қызылорда қаласының полицейлері қыз-келіншектерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, полиция қызметкерлері қала тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын табыстады.

Полиция қызметкерлері әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың күнделікті еңбегін бағалап, шынайы алғыстарын білдірді. Әйелдерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, жетістіктер мен жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ әрбір әйелдің өмірі қуаныш пен тыныштыққа толы болуын тілеп, оларға түрлі сыйлықтар мен гүлдер табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру