Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов бастаған полиция қызметкерлері және ардагерлер тобы қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың шаңырағына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сақшылар сын сағатта ерлік көрсетіп, өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған, елінің каhарманы, II дәрежелі "Айбын" орденінің иегері Талғат Қозыбаевтың шаңырағына ат басын тіреді. Полиция қызметкерлері Талғатты тәрбиелеген әкесі Есентай ағаға шексіз алғысын білдіріп, арнайы дайындаған сый сияпатты ұсынды.

- Біз әрдайым қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөлеміз. Азаматтардың өмірін аман сақтаймын деп жанын қиған әріптестеріміздің ерлігі мен батырлығы біздің есімізде мәңгі сақталады. Ерлігі ешқашан ұмытылмайтын ерлерді ұлықтау - біздің азаматтық парызымыз. Сізге антына адал, нағыз патриот азамат тәрбиелегеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз, - деді департамент бастығы.

Айта кетерлік жайт, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі Сырдария ауданының Мәлібаев ауылындағы көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ өзі оқыған № 131 орта мектепке есімі беріліп, мектеп ауласында ескерткіш орнатылып, Талғат Қозыбаевтың атындағы "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру