Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді тапты

Қызылордада полицейлер жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр күні сағат 13:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының “102″ жедел  арнасына 39 жастағы қала тұрғыны 2020 жылғы ұлының үйінің ауласынан ойнап жүрген жерінде жоғалып кеткені туралы хабарлама берген.

Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция нарядтары жұмылдырылып, жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді патрульдік полиция инспекторлары қала аумағында жүрген жерінен тапты.

Бүлдірішінді жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп, ата-анасына табыстаған Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Елғон Нұрбол мен Балтабай Нұржанға анасы өз алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру