Қызылордада полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты
Қызылордада полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада 10 қантар күні сағат 17:00 шамасында 7 жастағы баланың үйінен «ойнауға кеттім» деп белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы жөнінде полицияға хабарлама түскен.
Сол сәттен бастап Қызылорда қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Полицейлер жақын маңдағы барлық көшені, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын да тексерді.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде екі сағаттың ішінде жоғалған бала қала аумағында адасып жүрген жерінен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.
Дін аман табылған баланың анасы кәсібилік пен жеделділік танытқан полицейлерге алғысын жеткізді.