Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция қызметкерлері донор болды

Қызылордада полиция қызметкерлері донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз –Алғыс айту күніне орай жылдағы үрдіспен Қызылорда қаласы полиция басқармасының бас полицейі Айдар Қасанов және басшылық құрам Қызылорда облыстық қан орталығына барып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын құтқару үшін донор болды.

Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған бірінші қайырымдылық акциясы емес.

– «Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаған және полиция қызметкерлерінің бұл іс-әрекеттері біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Өз елінің адал азаматтары ретінде полиция қызметкерлері ауруханалық төсекте қайғыға душар болған адамдарға тек қана денсаулық тілейді. Бұндай іс-шарадан қалыс қалғымыз келмейді, себебі адамдарға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз, – дейді Айдар Қасанов.

Дәрігерлер полицейлерді мінсіз донор екендігін бірнеше рет атап өтті. Себебі олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұратындарын алға тартты.

– Біз полиция басқармасының барлық донорына шын жүректен алғыс айтамыз! Барлық қызметкерге мықты денсаулық, жоғары гемоглобин және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жақсы үлгі көрсеткендері үшін рақмет! Біздің донорларымызға амандық пен табыс тілейміз, – деді қан орталығының директоры Серік Игембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру