Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері тәлімгерлер мен мұғалімдерге алғыстарын білдірді

Жетісу полицейлері тәлімгерлер мен мұғалімдерге алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күнінде облыстық полиция департаментінің басшылығы лайықты демалыста жүрген тәлімгер-әріптестерімен кездесу ұйымдастырып, оларға өздерінің ризашылықтарын білдірді.

– Тәлімгерлік институт – кадр саясатының маңызды органдарының бірі, жас қызметкерлермен жеке жұмыс шеңберінде мамандар даярлауда тиімді құрал. Осы тамаша күні біздің тәлімгерлерімізге қазақстандық полицияның дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ лайықты демалыста болса да, бізге жас мамандарды тәрбиелеуге көмек көрсеткендері үшін өз алғысымды білдіремін, – деп атап өтті облыс ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Алғыс айту күні – аға буын өкілдерін құттықтап, сырласып, көмек пен қолдау көрсету үшін арналған тамаша мүмкіндік.

– Тәлімгер болу – жастардың құрметі мен сеніміне лайық болатын, үлкен қайтарымды жұмысты талап ететін жауапкершілікті іс. Жас әріптестеріміздің біздің бірлесе атқаратын жұмысымызды ұмытпағаны өте қуантады. Біз әрқашан байланыста болып, көмек қолын созуға дайынбыз, бар тәжірибемен бөлісеміз, – деп бөлісті тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Сансызбаев.

ІІО ардагерлер кеңесімен кездесу салтанатты түрде өткізілді. Олар үшін осындай кездесулер өз әріптестері мен жолдастарын көрудің және қызмет еткен жылдарын еске алудың кездесе бермейтін мүмкіндігі.

– Жастар қол ұстасып жұмыс істеген аға әріптестерін ешқашан ұмытпауы керек. Еңбегіңіз, қосқан үлесіңіз, баға жетпес тәжірибеңіз үшін рахмет. Сіздерге ұзақ өмір тілейміз, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы ІІО ардагерлеріне өз алғысын білдіріп.

– Бүгінгі таңда ардагерлер қызмет етіп, тәртіп сақшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмектерін аямай, нақты кеңестерімен бөлісуде. Жетісу өңірінің барлық ІІО ардагерлерінің атынан департамент басшылығына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдіремін, – деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Саржан Ермұманов.

Сонымен қатар облыстық департамент бастығының орынбасары Мадияр Омаров жас полицейлер оқитын екі мектептің директорларын жеке құттықтап, оларға ІІМ жүйесінде кәсіби мамандардың жаңа құрамын дайындауға зор үлес қосқандары үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру