Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция қызметкерлері қаза болған әріптестерін еске алды

Қызылордалық полицейлер қаза тапқан тәртіп сақшыларына арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысының полиция департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шараға департаменттің жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Шараға қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін жиналғандар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров антына адал қызмет етіп жүрген қызметкерлерді келе жатқан 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

– Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Өскелең ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен батырлардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз, – деді О.Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру