Қызылордада полицияның есебіне 246 адам алынды
Қызылордада полицияның есебіне 246 адам алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері Тасбөгет полиция бөлімінің №12 учаскелік полиция пунктеріне бекітілген учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып Қызылорда қалалық полиция басқармасында Қазақстан Республикасының Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Заңының 20-бабына сәйкес, профилактикалық тізімдік есебінде «Қорғау нұсқамасы» санатымен алынған адамдардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, отбасы-тұрмыс саласындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатындағы профилактикалық бағыттағы әңгімелесу мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері, яғни екі ай көлемінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының профилактикалық тізімі қорғау нұсқамасына 246 адам, ерекше талап белгіленген 68 тұлға, қолайсыз отбасына бес отбасы есепке алынған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы, ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы кездесетін зорлық-зомбылықтардың, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында қорғау нұсқамасына алынған 203 және ерекше талап белгіленген 63 адамның мекенжайларын тексерді.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері және ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері тексеру барысында өкінішке орай, қазіргі қоғамда ата-анасы алкоголь өнімдерін жиі пайдаланатын, соның салдарынан кәмелетке толмаған, қаңғыбастыққа салынып, қараусыз қалатын жасөспірімдер де кездестіреді. Міне, қала көлемінде осындай бес отбасы тексеріліп, олардың балаларының оқу орындарына күнделікті келіп-кетуі мектеп әкімшілігімен қадағаланып, олардың ата-аналарымен профилактикалық бағытта жұмыстар атқарылды.