Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада бір аптада жол ережелерін бұзудың 567 дерегі тіркелді

Ақмолада бір аптада жол ережелерін бұзудың 567 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында Ақмола облысында 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізген жеті күн ішінде ақмолалық полицейлер жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында 567 жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады.

Төрт жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін, 97 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін, 77 азамат жолаушылар тасымалын міндетті техникалық байқаудан өтпей жүзеге асырғаны үшін, сақтандыру полисінсіз болған 19 жүргізуші жуапкершілікке тартылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 86 қоғамдық көлік жүргізушісі, 14 көлік жүргізушісі заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктің бес жүргізушісі рейс алдындағы медициналық және техникалық байқаудан өтпей жолға шыққан.

Ақмола полицейлері облыс тұрғындарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, “Автобус” жедел-алдын алу шарасы 2 наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру