Қызылордада пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында шағын футболдан жарыс өтті
Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың қатысуымен футболдан жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнирге сотталған азаматтардан құрылған төрт команда қатысып, бақ сынады. Турнир барысында командалар 20 минуттан екі тайм өткізді. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.
Жарыс қорытындысы бойынша Досбол командасы І орын алса, ІІ , ІІІ орынды Қыран мен Рибок командалары бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
– Қалалық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығы арасында сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында жасалған ынтымақтастық меморандумы бар. Осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз, – деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Д.Балғабаев.