Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер “Hi-tech” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында интернет алаяқтықтың 13 фактісін әшкереледі

2020 жылғы 27-28 қазан аралығында Қостанай облысының полицейлері “Hi-tech” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Операция ақпараттық технологиялар, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Екі күн ішінде криминалдық полиция қызметкерлері 13 интернет-алаяқтықты анықтады.

Мәселен, Қостанай қаласында полицейлер  интернет-алаяқтықтың бес фактіне қатысы бар  деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады.

Алаяқ облыс орталығының тұрғындарына шағын несие ұйымдарының бірінде онлайн несие ресімдеген. Өтініш берушілерге келтірілген шығын көлемі бір миллион теңгеден асады.
Мысалы, зардап шеккендердің біріне 900 мың теңгеге жуық сомаға несие ресімделген.

Бұдан басқа Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны коронавирус пандемиясы кезінде алдау жолымен қорғаныс құралдарын сатудан ақша таппақ болып, сайттардың бірінде резеңке қолғаптарды сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Алматы облысының тұрғыны күдіктіге 36 мың резеңке қолғапқа тапсырыс беріп, бір жарым миллион теңгеден астам ақша жіберген. Алайда тапсырыс берілген тауар сатып алушыға жеткізілмеген. Алаяқ  Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындарын да дәл осылай алдап, оларға 130 мың және 900 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру