Қызылордада пробация есебіндегі 5 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды
Қызылордада пробация есебіндегі 5 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық сотталған бар.
Қалалық пробация қызметінің бастығы Бақыт Наурызбаевтың айтуынша, есептегі 90 сотталғанға “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңы қолданып, іс-құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық №2 сотына жолданған.
– Қызылорда қалалық №2 сотында жеті сотталғанның іс-құжаты сот өндірісімен қаралды. Оның ішінде екеуі рақымшылық заңына сәйкес босатылса, бес азаматқа жазасының өтелмеген 3/1 бөлігі қысқартылды. Ал қалған 83 сотталғанның іс-құжаттары сот қарауында, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаев.