Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пәтер алып беремін”: атыраулық тұрғын алаяққа 800 мың теңгесін беріп қойды

Атыраулық тұрғын алаяққа 800 мың теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасына 38 жастағы қала тұрғыны келіп, өткен жылы 33 жастағы әйелдің үш бөлмелі пәтер алып беремін деп, 800 мың теңге ақшасын алып, кері қайтармағандығы жөнінде арызданған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру