Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар садақ атудан сынға түсті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар садақ атудан сынға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында садақ атудан  жарыс өтті.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында ұлттық өнерді насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз, қуатты қол, мергендік қабілетін дамыту. Спорттық додаға Қызылорда қалалық пробация есесбіндегі 30 азамат қатысты.

Тартысты өткен додаға есептегі азаматтар белсене қатысып, өз мергендіктерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

– Садақ ату жарысына қатысып, ереже бойынша 15 метр қашықтықтан жебем нысанаға дәл тиіп, жүлделі орын алдым. Өзім негізі бала кезімнен бері садақ ату өнеріне қатты қызығатынмын. Бала күнімізде садақты қолдан жасап алатын едік. Садақ ату – адамға рух беріп, шыдамды болуға, жүйке мен көру қабілетін жақсартады. Ұлттық өнерді дәріптейтін жарыстар көптеп ұйымдастырылса, бізде қалмай қатысуға тырысамыз. Бүгінгі шара өте керемет өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру