Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған жеке кәсібін ашты

Қызылордада пробация есебіндегі сотталған жеке кәсібін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі Болат өз кәсібін ашып, ісін алға жүргізіп отыр. Ол есірткі бабымен сотты болып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп, 2019 жылы жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған. Сол жылдан бастап қалалық пробация есебіне алынған.

Жеке кәсіп ашсам деп ниеттенген Болатқа пробация инпекторлары құқықтық көмек көрсетеді. Нәтижесінде, мемлекеттен қайтарымсыз 583 мың теңге грант ұтып, 100-ге жуық тауық пен мал алып, жеке кәсібін ашты.

– Менде мардымсыз айлыққа күнім қараған қарапайым жұмысшы едім. Қалалық пробация қызметкерлерінің көмегімен мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік берілуде. Істі бастау қиын, бірақ талпыныс болса, бәрін де игеруге болады. Көбі мал баққанды бейнетті кәсіп санайды. Оның қиындығынан қашады. Мыңғыртып мал айдамасаң да, өз үйіңді етпен, сүтпен қамтыған дұрыс, – дейді есептегі Болат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру